428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Фируза Шарипова сербиялық боксшымен жұдырықтасады

  • 83
Фируза Шарипова сербиялық боксшымен жұдырықтасады prosports.kz

Бірінші жартылай орта салмақта IBA тұжырымының чемпионы Фируза Шарипова келесі жекпе-жекте кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды.

BoxRec басылымының мәліметінше, қазақстандық боксшы 30 қазанда Мәскеудегі кеште жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы 32 жастағы сербиялық боксшы Сара Марьянович (7-7, 3 КО) болмақ.

Еске сала кетейк, Фируза Шарипова 22 тамыз күні Қазан қаласында Танзаниялық Хэппи Даудиді мерзімінен бұрын жеңіп, үшінші салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы