428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


19 жастағы Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінің жаңа чемпионы атанды

  • 133
  • UPD: 10:08, 11.10.2020
19 жастағы Ига Швентек «Ролан Гаррос» турнирінің жаңа чемпионы атанды prosports.kz

Польшалық Ига Швентек әйелдер арасындағы жекелей сында «Ролан Гаррос» турнирін жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалдық кездесуде WTA рейтингінде 53-орынды иеленіп отырған 19 жастағы теннисші америкалық София Кенинді 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 20 минутқа созылды.

Айта кету керек, Ига WTA деңгейіндегі турнирлерге бұрын бір рет қана қатысқан. Швентек 17 жасында Луганода өткен турнирдің финалына жетіп, Полона Херцогқа есе жіберді.

Хабар 24 телеарнасы