428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында «Северстальдан» жеңіліп қалды

  • 174
  • UPD: 15:33, 11.10.2020
ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында «Северстальдан» жеңіліп қалды фото: prosports.kz

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін «Барыс» кезекті турды өз айдынында «Северстальға» қарсы өткізіп, 2:3 есебімен ұтылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қонақтар алғашқы минуттардан шабуылға шығып, жиырма жетінші секундта Игорь Гераськин Кирилл Капустин ұсынған пасты ұтымды пайдаланып, есеп ашты. Үш минуттан кейін Адам Лишка мергендік танытты. Йони Ортио қақпасынан саңылау тапқан Адам кезең ортасынан асқанда тағы белсенді. Рас, үзілістен кейін Алихан Әсетов әріптесі Егор Петуховқа пас ұсынып, айдын иелері есе қайтарғандай болды. Тіпті Блэкер бастаған шабуылды Кертис Волк түйіндеп, «Барыс» таразы басын теңестіруге сәл қалды. Алайда қонақтардың қақпашысы Дмитрий Шугаев әбжілдік танытып, «Северсталь» қажетті ұпайды қоржынына салды. «Барыс» біріншілік басталғанда біршама сәтті ойнаған еді. Содан пандемия әсер етті ме, ойын өрнегін жоғалтып алды. Өткенде СКА-ның осал тұсып тауып, өз жанкүйерлерін шаттандырып еді. Кейін «Автомобилистен» жеңіліп, «Амурға» да шамасы келмей, кежегесі кейін тартты. Енді «Северстальға» жол берді. Юрий Михаилис шәкірттері ертең Уфада «Салуат Юлаевпен» күш сынасады.

Хабар 24 телеарнасы