429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда хоккейшілер аллеясы ашылды

  • 72
  • UPD: 18:17, 11.10.2020
Нұр-Сұлтанда хоккейшілер аллеясы ашылды

Елордада хоккейшілер аллеясы ашылды. Ол «Барыс-Арена» спорт кешені маңайында орналасқан.

Ағаш егу іс-шарасына «Барыс» хоккейшілері де атсалысты. Спортшылар кешен айналасына 180 сібір шыршасын екті. Экологиялық акцияға үн қосып, тал-шыбық еккендер қатарында Мадияр Ибрайбеков, Саян Данияр және Артур Гатиятов секілді хоккейшілер де бар. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Астана-Арена» мен «Алау» мұз сарайы маңына да ағаш егуді жоспарлап отыр.

Асхат Мұқашев, іс-шараны ұйымдастырушы:

- Келесі жылы өзге екі нысанның маңына тал егеміз. «Астана-Аренадағы» жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді «Астана» командасы өз алаңына оралатын болады. Қалада мұз айдындары жетіспейді. Қазір осы олқылықты жоюға көңіл бөлеміз.

Хабар 24 телеарнасы