427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Албания Ұлттар лигасында тең түсті

  • 104
  • UPD: 23:07, 11.10.2020
Қазақстан мен Албания Ұлттар лигасында тең түсті

Қос құрама матч барысында тең дәрежеде ойын көрсетті. Бірінші кезеңде екеуінің де гол соғатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен, оны ұтымды пайдалана алмады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Екінші кезеңде құрамалар есепті өзгертетін қолайлы сәтті іздеді.

Айта кетерлігі, Албания футболшыларының белсенділігі айқын аңғарылып тұрды. Олар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті құр жіберіп алды. Ойын 0:0 есебімен тең аяқталды.

Қазақстан мен Албания құрамалары бұдан бұрын 2006 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде екінші топта бақ сынасты. Қазақстан құрамасы аталған қарсыласына сол жолы өз алаңында 0:1, сырт алаңда 1:2 есебімен жол беріп қойды. Осылайша екі құрама өз тарихында тұңғыш рет тең түсіп отыр.

Естеріңізге сала кетелік, екі құрама С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Аталған топтағы Литва мен Беларусь құрамалары бүгін өзара шеберлік байқасады. Әзірге турнир кестесінде екі құрама төрт ұпай жинап, бірінші және екінші орынды өзара бөлісіп тұр. Қазақстан құрамасы бұдан бұрын екі кездесу өткізді. Алдымен 4 қыркүйекте сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңіп, 7 қыркүйекте өз алаңында Беларуське 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы енді 14 қазанда Беларусьпен сырт алаңда ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы