432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ролан Гарростың» финалында Джокович Надальдан ұтылып қалды

  • 86
  • UPD: 22:27, 11.10.2020
«Ролан Гарростың» финалында Джокович Надальдан ұтылып қалды

Испандық Рафаэль Надаль Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы атанды.

Р.Надаль финалда әлемнің бірінші ракеткасы, сербиялық Новак Джоковичпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші партияда испандық теннисші сербиялықтың бірде-бір гейм алуына мүмкіндік бермеді – 6:0.

Мұндай есеп мықтылар арасында өте сирек кездеседі.

Екінші сетте де Р.Надаль айқын басымдылық танытты – 6:2.

Үшінші партияда есеп 2:2 болған мезетте Надаль брейк жасағанымен Джокович сол бойда қарымта қайырды – 3:3.

Бұл Новактың матчтағы алғашқы брейкі еді. Есеп 5:5 болғанда, Надальдің қарсыласы қателесіп, жетінші брейгіне қол жеткізді – 6:5. Содан кейін матчты эйспен түйіндеді – 7:5.

Финал 2 сағат 42 минутқа созылды.

Осылайша Р.Надаль Ролан Гаррос турнирінің 13 дүркін чемпионы атанып, «Үлкен дулыға» жарыстарындағы жеңісі (20) жөнінен швейцариялық Роджер Федерермен теңесті.

Хабар 24 телеарнасы