428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Александр Бублик Санкт-Петербургте өтетін ашық біріншілікте өнер көрсетеді

  • 98
Александр Бублик Санкт-Петербургте өтетін ашық біріншілікте өнер көрсетеді Prosports.kz

Бүгін теннисші Александр Бублик Санкт-Петербургте өтетін ашық біріншілікте өнер көрсетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстанның бірінші ракеткасы алғашқы айналымда Америка спортшысы Маккензи Макдональпен кездеседі. Ал ертең кордқа жерлесіміз Михаил Кукушкин шығады. Ол Серб теннисшісі Миомир Кецмановичке қарсы ойнайды.

Футбол: Қазақстан - Албания 0:0

Футболдан Қазақстан құрамасы Уефа Ұлттар Лигасында көш бастап келеді. Жарыстың үшінші кезеңінде біздің аяқдопшылар Албаниямен кездесті. Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:0 есебімен аяқталды. Матч бірсыдырғы басталды. Тек екінші таймда ғана қонақтар алға ұмтылды. Шабуылшы Армандо Броя допты қақпашының бойынан асырып, бос қақпаны дәл көздегенімен, қорғаушы Темірлан Ерланов оны қақшып қала алды.

Осы ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 4 ұпай жинады. Команда үш күннен кейін сырт алаңда Беларусь футболшыларымен кездеседі.

Эдоардо Рея, Албания құрамасының бас жаттықтырушысы:

– Қазақстан құрамасы бізге біраз қиындықтар тудырды. Маған футболшылардың ойыны ұнады. Топтағы командалардың деңгейі шамалас десе де болады, тек бабы келіскені ғана жеңіске жетеді.

Рафаэль Надальдің жиырмасыншы жеңісі

Рафаэль Надаль Франция ашық біріншілігінде топ жарды. 34 жастағы испаниялық осылайша 20-мәрте «Үлкен Дулыға» жеңімпазы атанып, көрсеткіш бойынша рекордшы Роджер Федерераны қуып жетті. 

Жарыстың шешуші сынында Надаль әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен кездесті. 2 сағат 41 минутқа жалғасқан матчта қарсыласын үш сетте 6:0, 6:2, 7:5 есебімен жеңді.

«Астана» өкілі алтыншы орында

«Астана Про Тим» капитаны Якоб Фульсанг «Джиро д'Италия» турнирінде 6-орынға көтерілді. Дат шабандозы таулы кезеңде мәре сызығын тоғызыншы болып кесті. Бұл жолы спортшылар 208 шақырым қашықтықты және күрделілігі бойынша бірінші санаттағы шыңды бағындырды. Көпкүндікте Жоау Алмейда көш бастап тұр. Фульсанг одан 1 минут 1 секунд артта келеді.

Хабар 24 телеарнасы