429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ПСЖ Роналдуды қатарына қоспақ

  • 105
  • UPD: 12:02, 12.10.2020
ПСЖ Роналдуды қатарына қоспақ

Франциялық ПСЖ футбол клубы италиялық «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға тағы да көз тігіп отыр, деп хабарлады Prosports.kz.

Calciomercato мәліметінше, париждіктер 35 жастағы шабуылшымен келісімшартқа 2021 жылдың жазында қол қоюды жоспарлап отыр. Туриндік клуб қаржылық қиындықтарды бастан кешіп жатыр. Ал ПСЖ Роналуға ұсыныс жасап, осы жағдайды пайдаланғысы келіп отырған көрінеді.

Португалиялық футболшы келісімшарт мерзімін соңына дейін жеткізуді жоспарлап отыр, оның «Ювентуспен» келісімі 2022 жылға дейін есептелген.

Еске салайық, Роналду «Ювентуске» 2018 жылдың жазында «Реалдан» 117 миллион еуроға ауысқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы