428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте төмен сырғыды

  • 96
  • UPD: 14:48, 12.10.2020
Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте төмен сырғыды

Франциядағы «Ролан Гаррос» турнирі аяқталған соң, теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы рейтинг жаңартылды, деп жазды Olympic.kz.

Өкінішке қарай, аталған сында сәтсіз өнер көрсеткендіктен, біздің ел теннисшілері рейтингте ұпай жоғалтқан. Ерлер арасындағы тізімде Александр Бублик үш сатыға төмендеп, 52-ші орында тұр. Михаил Кукушкин 88-і орынды сақтап қалған.

Әйелдер арасындағы рейтингте Елена Рыбакина бір сатыға төмен сырғып, 19-ы орынға жайғасты. Юлия Путинцева 27-і, екі орынға төмендеген Зарина Дияс 79-ы сатыда. 

Хабар 24 телеарнасы