428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UWW: Күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионаты өтеді

  • 75
  • UPD: 12:16, 13.10.2020
UWW: Күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионаты өтеді Wrestlingua.com

Біріккен күрес әлемінің атқарушы комитеті 2020 жылдың 12-20 желтоқсан күндерінде Сербияның Белград қаласында күрестен ересектер арасында әлем чемпионатын өткізетінін ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Комитет чемпионатты 70%-тен астам ұлттық федерациялардың қатысуға ниетті екенін және де 6 қарашада UWW өкілдері пандемия кезінде лицензиялық доданы өткізудің жолдарын қарастыру мақсатында онлайн жиын жоспарлағанын айтқан. 

«Біз желтоқсанда турнир өтеді деп сенеміз, оптимистік көзқараспен қараймыз. Біздің спортшылардың, жаттықтырушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігі – бұл біздің басты міндетіміз. Сондықтан біз Белградта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолданатын боламыз», – деді Біріккен дүниежүзілік күрестің (UWW) президенті Ненад Лалович.

Сондай-ақ атқарушы комитет күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы биылғы әлем чемпионатының өткізілмейтінін хабарлады. Мұндай шешім ұлттық федерациялардың қатысушылардың қауіпсіздігіне алаңдайтынын жеткізгеннен соң қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы