428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азар – 60, Месси 40 миллион еуроға арзандады

  • 91
  • UPD: 16:17, 13.10.2020
Азар – 60, Месси 40 миллион еуроға арзандады Soccernews.ru

Transfermarkt порталы 2020 жылы трансферлік құнын жоғалтқан футболшылардың тізімін жасады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл тізімде «Реалдың» жартылай қорғаушысы Эден Азар көш бастады. Бельгиялық ойыншының трансферлік бағасы 60 миллион еуроға, яғни осы жылдың басымен салыстырғанда екі есеге арзандады. Енді Азардың трансферлік құны 60 миллион еуроға бағаланып отыр.

Екінші, үшінші орындарға «Барселонаның» қос футболшысы жайғасты. Аталған екі ойыншы да 40 миллион еуроға арзандаған: аргентиналық Лионель Месси (оның трансферлік құны 140 млн-нан 100 миллион еуроға дейін төмендеді), франциялық Антуан Гризманн (120 млн-нан 80 миллион еуроға).

Ал «Манчестер Ситидің» жартылай қорғаушысы Рахим Стерлинг пен «Пари Сен-Жерменнің» шабуылшысы Неймардың құны 32 миллион еуроға арзандады. Олардың трансфер нарығындағы қазіргі құны 128 миллион еуроға бағаланды.

Хабар 24 телеарнасы