427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Роналду коронавирус жұқтырды

  • 102
  • UPD: 10:12, 14.10.2020
Роналду коронавирус жұқтырды Football.ua

 Әлемдегі ең мықты футболшылардың бірі, «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Португалия құрамасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Роналдудың COVID-19-ды анықтауға тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Бұған дейін де «Ювентустің» бірнеше ойыншысынан коронавирус анықталған. 

Футболшы індетті симптомсыз өткеріп жатыр және командадан оқшауланған.

Енді ол Ұлттар лигасы аясында Швеция құрамасына қарсы өтетін ойынға қатыса алмайды.

Хабар 24 телеарнасы