432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Футбол: Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан ойсырай жеңілді

  • 133
  • UPD: 11:02, 14.10.2020
Футбол: Қазақстан жастар құрамасы Испаниядан ойсырай жеңілді

Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Португалияның футбол федерациясы хабарлады.

35 жастағы шабуылшының жағдайы жақсы және қазір ол карантинде жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Команданың басқа ойыншыларынан COVID-19 анықталған жоқ. Ал бүгін құрама команда Ұлттар лигасы аясында Швециямен кездеседі.

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы сырт алаңда Испаниядан ұтылды. Есеп: 0:3

Матч 2021 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтті. Бірінші тайм сүреңсіз өрбіді. Негізгі құрамдағы кейбір ойыншының жоқтығына қарамастан, біздің спортшылар тәп-тәуір өнер көрсеткен. Алайда екінші таймда қарсыластар күш алып, әр шабуылды тойтарып отырды. Жеңілістен кейін Алмас Құлшынбаевтың шәкірттері 9 ұпаймен 4-орынға жайғасты. Испания «Жастары» 22 ұпай жинап, жарыс көшбасшысы атанды.

***

Теннис: Михали Кукушкин екінші айналымға өте алмады

Михаил Кукушкин ATP 500 турнирінің екінші айналымына өте алмай қалды. Ол Серб спортшысы Миомир Кецмановичке екі сетте де есе жіберді. Матч 2 сағатқа жалғасты. Сербиялық теннисші ойын нәтижелері бойынша әлем үздіктері арасында 41-орында . Ал Кукушкин тізімде 88-болып тұр. Айта кетейік, бұған дейін Михаил жұптық кезеңде жеңіліс тапқан еді. Осылайша, қазақстандық спортшы Санкт-Петербургтегі ашық чемпионатта өнер көрсетуін тоқтатты.

***

Джиро д'Италия: «Астана» өкілі 11-орынға тұрақтады

«Астана» капитаны Якоб Фульсанг Джиро д'Италия турнирінде үздік ондықтан шығып қалды. Гранд-турдың 10-кезеңінде дат велошабандозы мәреге 21-болып келді. Ал жалпы көрсеткіш бойынша спортшы 11-орынға тұрақтады. Фульсанг жарыс көшбасшысы, қызғылт жейде иегері Жоау Алмейдадан 2 минут 20 секунд артта келеді.

Хабар 24 телеарнасы