432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Құрама боксшылары жарыстарға қашан қатысады – бас бапкер жауабы

  • 168
  • UPD: 09:36, 15.10.2020
Құрама боксшылары жарыстарға қашан қатысады – бас бапкер жауабы ҚР ҰОК

Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев спортшылардың ұзақ уақыттан бері жарысқа қатыспағанына алаңдаулы.

Әлемді індет жайлағалы бері боксшылар қандай да бір турнирде бақ сынаған жоқ. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін қазір жоспар құрылып жатыр, деп жазады Olympic.kz. 

«Жақында команданың оқу-жаттығу жиыны аяқталды. Бірақ турнирлерге қатысты түбегейлі шешім әлі қабылданған жоқ. Қазақстан чемпионатының биыл өту-өтпеуі де алдағы күндері белгілі болмақ.

Жалпы, Олимпиадаға жолдама алған спортшыларды бабында ұстау үшін кәсіби боксшылармен бірге жаттықтырамыз деген ой болған. Бұған дейін Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби бокс кешінде өнер көрсетті. Бокс кешін ұйымдастырушылар біздегі біраз жігітті таңдап та қойды. Алайда мұның бәрі әлі пісіп-жетілген жоқ.

Шетелдерге шығуға шектеу қойылғандықтан, біраз жиыннан сырт қалып отырмыз. Бүгінге дейін Түркия, Украина, АҚШ-тағы кәсіби бокс кешін ұйымдастырушылар бірлесіп жиын өткізу туралы ұсыныстар тастады. Бірақ елдегі жағдай бұған рұқсат бермейді.

Естеріңізде болса, Василий Левит, Бекзад Нұрдәулетовтер АҚШ-та кәсіби боксшылармен бірге жаттыққан болатын. Енді бәрі уақыттың еншісінде. Әзірге бұл идеялар тек жоспар күйінде қалып отыр», - дейді бас бапкер. 

Хабар 24 телеарнасы