427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» «Спартактан» басым түсті

  • 100
«Барыс» «Спартактан» басым түсті Sports.kz

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы аясында мәскеулік «Спартакпен» кездесіп, 3:2 есебімен басым түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айдын иелері 4-минутта-ақ есеп ашты. Екінші айналымда Никита Михайлес пен Даррен Дицтың соққан шайбасы қазақстандық команданы алға шығарды.

Дегенмен мәскеуліктер таразы басын теңестірді. Соңғы 20 минутта ойын сүреңсіз өрбіп, овертайға ауысты. «Барыс» капитаны Даррен Диц кірзіген шайба командаға жеңіс сыйлады.

Хабар 24 телеарнасы