432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жақында ғана жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңнан екі аптаға шеттетілді

  • 124
  • UPD: 12:31, 15.10.2020
Жақында ғана жеңіске жеткен Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңнан екі аптаға шеттетілді Nege.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) АҚШ жеріндегі соңғы кездесуінен кейін екі аптаға жекпе-жектен шеттетілді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Еске салайық, отандасымыз 10 қазан күні Лас-Вегаста Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырған бокс кешінде шаршы алаңға шығып, аргентиналық Гонсало Кориядан 16-4, 6 КО) басым түсті.

Бұл жеңістен кейін Невада штатының атлеттер комиссиясы екі боксшыға да жуық арада шаршы алаңға шығуға тыйым салды. Тарқатып айтсақ, Жәнібек Әлімханұлы 24 қазанға дейін жаттығу жасап, жекпе-жек өткізе алмайтын болса, Кория 9 желтоқсанға дейін шаршы алаңға шыға алмайтын болды. Мұндай шешімді штаттың комиссиясы боксшылардың медициналық тексерісінен кейін шығарып отыр.

Хабар 24 телеарнасы