428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық боксшылар Минскіде нокаутпен жеңіске жетті

  • 140
  • UPD: 09:55, 16.10.2020
Қазақстандық боксшылар Минскіде нокаутпен жеңіске жетті

Қазақстандық былғары қолғап шеберлері Минскіде өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті.

Асқат Жантұрсынов  беларусьтік Руслан Родзивичті нокаутқа түсірді. Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек негізінен төрт раундқа созылады делінген еді. Алайда екінші раундта-ақ біздің спортшы мықты екенін дәлелдеді.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы Жандос Қыдыралиевтің бәсекеде бағы жанды. Ол Беларусь боксшысы Арсений Кобзевпен кездесіп, нокаутқа түсірді. Бұл Жандостың кәсіби рингтегі екінші жеңісі. Осылайша 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды.

Александр Бублик Санкт-Петербургте өтіп жатқан ашық біріншіліктің ширек финалына өте алмады. Қазақстанның бірінші ракеткасы канадалық Мииилош Раоничке есе жіберді. Екі сетте есеп 6:3 және 6:2. Матч 3 сағатқа жалғасты. Енді Раонич жартылай финал жолдамасын ресейлік Карен Хачановпен сарапқа салады. Ал біздің теннисші жұптық сында өнер көрсетеді.

Александр Бубликтің жұптық сындағы серігі Рейлли Опелка жекелей жарыста турнир чемпионы ресейлік Даниил Медведевтен басым түсті. Америкалық спортшы бірінші сетте осалдық танытса да қалған екі сетте барын салды. Медведев рейтингі жоғары теннисші. Сондықтан Опелка үшін оны жеңу айтулы оқиға. Ал ресейліктің өзі болса әлемнің 6-ракеткасы саналады. Чемпиондық мәртебеден айырылған  Медведев ашуға булығып, ракеткасын сындырды. 

Хабар 24 телеарнасы