432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Андрей Тихонов «Астана» футбол командасына бас бапкер болды

  • 94
  • UPD: 15:34, 16.10.2020
Андрей Тихонов «Астана» футбол командасына бас бапкер болды

Ресейлік маман Андрей Тихонов «Астана» футбол командасының бас бапкері болды. 

Футболшы мәскеулік «Спартак», «Крылья Советов», «Химики» және астаналық «Локоматив» командаларында ойнаған. Тихонов 2008 жылдан бастап, «Крылья Советов» командасын жаттықтыра бастады. Кейін «Спартак» пен «Краснодар» командаларында бапкер болды.

Айта кетейік, ел біріншілігінің 12-турынан кейін «Астана» командасы екінші орында келе жатыр. Алдымен Михал Билек, одан соң Пол Эшуорт қызметінен кеткеннен кейін команда тренерсіз қалған еді.

Хабар 24 телеарнасы