432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» клубының бас бапкері қанша жалақы алатыны белгілі болды

  • 254
  • UPD: 22:55, 17.10.2020
«Астана» клубының бас бапкері қанша жалақы алатыны белгілі болды

«Астананың» тізгінін ұстаған ресейлік маман Андрей Тихоновтың жалақы мөлшері белгілі болды.

«Матч ТВ» телеарнасының мәліметінше, Андрей Тихонов айына 50 мың еуродан сәл аз алады.

«Астаналық команда Тихоновқа өздері күтпеген жерде тап болды. Оған дейін тізімде Дмитрий Парфенов пен Юрий Вернидуб (Украина), Игорь Криушенко (Беларусь), Олег Кононов пен Рашид Рахимов (Ресей) секілді танымал мамандар ілінді. Әр қайсысына айына 50 мың еуро жалақы ұсынылатын еді. Біздің мәліметке сәйкес, Тихоновқа бұдан сәл аз айлық ұсынған», — деп жазды басылым.

Мәскеулік «Спартакта» және Ресей құрамасын талай жыл доп тепкен елу жастағы Тихонов футбол жанкүйерлеріне танымал тұлға саналады. Ол «Спартак» құрамында 8 рет Ресей чемпионы болды.

Мәскеу клубынан кейін Тихонов «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) және «Локомотив» (Астана) командаларында ойнаған.

Андрей Тихонов 2009 жылы «Астана» тарихындағы алғашқы капитан болған және сол жылы чемпионаттың үздік ойыншысы атағын, күміс медалін жеңіп алды.

Футболшы мәнсабы аяқталған Тихонов «Крылья Советов», «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар» және «Енисей» командаларында жаттықтырушы болды.

Хабар 24 телеарнасы