428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Буффон рекорд жаңартты

  • 75
Футбол: Буффон рекорд жаңартты Football.ru

Италия А сериясының 4-туры аясында «Ювентус» сырт алаңда «Кротонемен» 1:1 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Осы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан «Ювентус» қақпашысы Джанлуиджи Буффон рекорд жаңартты.

«Кротонеге» қарсы ойында Буффон Италия чемпиионатындағы 650-кездесуін өткізді. Осылайша ол Италия А сериясында 650 матч өткізген алғашқы ойыншы атанды. 

Айта кетейік, Буффон А сериясындағы алғашқы кездесуін 1995 жылы 11 қарашада өткізген. Бір қызығы, «Кротонеге» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шыққан он ойыншының жетеуі ол кезде дүниеге келмеген екен.

Хабар 24 телеарнасы