424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Спорт үйірмесі жаттықтырушысына берілетін жалақы заңмен бекітілуі мүмкін

  • 758
  • UPD: 17:07, 19.10.2020

Елдегі балалар мен жасөспірімдердің секциялары, спорт үйірмелерінде жаттықтырушы болып жұмыс істейтін қызметкерлердің айлығы заңмен бекітілуі мүмкін.

Қазір мәдениет және спорт министрлігі сәйкесті заң жобасын дайындап жатқандарын мәлімдеді. Бұл  Президент жолдауына сай бұқаралық спорттың дамуына  жол ашу мақсатында жасалып отырған қадам. Мысалы, қазір ел бойынша түрлі үйірмелермен ауладағы спорт клубтарына 5 миллионға жуық адам барса, оның тек 1,5 миллионы 16 жасқа дейінгі балалар. Алдағы уақытта  бұл көрсеткішті едәуір арттыру жоспарланып отыр. 

Хабар 24 телеарнасы