423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» баскетбол командасы сырт алаңда «Химкиді» ұтты

  • 172
  • UPD: 11:52, 20.10.2020
«Астана» баскетбол командасы сырт алаңда «Химкиді» ұтты фото: prosports.kz

Ағылшын премьер-лигасында коронавирус жұқтырудың 8 жаңа дерегі тіркелді.

Бұл туралы турнирдің ресми сайты хабарлады. Тестілеуден жарты мыңға жуық спортшы өткен.

Айта кетейік, ағылшын футбол клубтары аптасына екі рет COVID-қа тест жасатады. Бұған дейін 32 ойыншының індетке шалдыққаны белгілі болды.

«Астана» баскетбол командасы сырт алаңда «Химкиді» ұтты. Есеп – 89:88. Матч ВТБ Біріккен лигасы аясында өтті. Тарихи жеңіске біздің команда матчтың соңына қарай қол жеткізді. Бастапқыда алаң иелері басымдық танытты. Алғашқы 10 минутта ресейліктер 4 ұпаймен алға суырылып шықты. Екінші кезеңде астаналықтар айласын асыра білді. Үшінші айналымда тіпті қазақстандық команда қоржынында 17 ұпай артық болды. Ресейлік команда жедеғабыл есепті теңестіріп, амалын тауып басып озуға тырысты. Бірақ ойынның шарықтау шегінде Эмиль Раайковичтің шәкірттері 5 ұпай жинап, 89:88 есебімен қарсыласын сан соқтырды. Бұл қазақстандық клубтың он жылдықтағы осымен төртінші жеңіс. Еске сала кетейік, 22 қазанда «Астана» «Автодормен» кездеседі.

***

Елена Рыбакина Чехиядаға турнирде жеңіліп қалды

Елена Рыбакина Чехияда өтіп жатқан WTA Premier турнирінің жұптық сынында сүрінді. Қазақстанның бірінші ракеткасының серігі украиналық Даяна Ястремская болды. Олар канадалық Габриэла Дабровски мен Бразилия өкілі Луиза Стефаниға қарсы ойнады. Қарсыластар екі сетте де дес бермеді. Есеп: 6:4 және 6:2. Матч бір сағаттан аса уақыт жалғасты. Бүгін қазақстандық спортшы жекелей жарыста бақ сынайды. Ресейлік Дария Касаткинамен кездеседі. Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры, 530 мың долллар шамасында екені айтылды.

***

Хоккей. Қазақстан чемпионаты

Кеше ғана жалауы желбіреген хоккейден Қазақстан чемпионатының алғашқы күні 5 ойын өтті. Командалар барлығы 35 шайба салды. «Номад» пен «Алтай-Торпедо» кездесуі тең аяқталды. Есеп – 4:4. Қосымша уақытта ойын сүреңсіз өтті. Тек буллит кезінде өскемендіктер озып шықты. Бұдан бөлек, өскемендік команданың ересектер құрамы тағы бір елордалық команданы шаң қаптырды. «Снежные барсы» «Торпедодан» 4:3 есебімен жеңілді. Ал «Бейбарыс» көкшетаулық «Арланды» 5:4 есебімен тізе бүктірді. Осылайша, атыраулықтар біріншіліктің алғашқы күні турнир көшбасшысы атанды. Алматылықтар болса, павлодарлықтарға есе жіберді. «Ертіс» 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Хабар 24 телеарнасы