422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей Пхёнчхан Олимпиадасына кибершабуыл жасаған – АҚШ

  • 148
  • UPD: 23:58, 20.10.2020
Ресей Пхёнчхан Олимпиадасына кибершабуыл жасаған – АҚШ

Ресей 2018 жылғы Пхёнчхан Олимпиадасы кезінде қызмет көрсеткен компьютерлерге кибершабуыл жасаған.

АҚШ пен Ұлыбритания Ресейге осындай айып тақты.

Айтуларынша, қылмысты Ресейдің барлау қызметі жүзеге асырған. Оған дәлел ретінде кибершабуыл жасаған 6 адамның есімі мен суреті жарияланды. Америка билігінің сөзінше, әскери барлау қызметінің мамандары ((NotPetya)) Not ПЕТЯ деп аталатын зиянды бағдарламалық жасақтаманы қолданған. Ол бүкіл компьютерлік желілерді қиратып, жаһандық масштабта зиян келтірген көрінеді. Ал британ тарапының айтуынша, кибершабуылдар 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада мен Паралимпиада ойындарына да жоспарланған. Алайда Ресейдің федерация кеңесі комитетінің басшысы Владимир Джабаров мұндай айыптауларды еш негізсіз деп атап, оған ешбір дәлел жоғын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы