423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ны жеңді

  • 179
Чемпиондар лигасы: «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ны жеңді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Манчестер Юнайтед» ПСЖ-ны жеңді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Есеп: 2:1. 23-минутта Португалия ұлтының өкілі, жартылай қорғаушы Бруно Фернандеш пенальтиден гол соқты. Ал екінші таймда франциялық форвард Антониии Марсьяль абайсызда өз қақпасына доп салды. Матч аяқталарға жақындағанда шабуылшы Маркус Рэшфорд қонақтардың ұпайын еселеді.

Уле-Гуннар Сульшер, «Манчестер Юнайтед» ФК бас жаттықтырушысы:

– Бұл топтық кезеңнің басы ғана. Десе де, біз жарысты сәтті бастадық. Мұндай мықты команданы жеңу үлкен мәртебе. Бүгінгі ойынға көңілім толады, ойыншылардың бәрі бабында екенін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы