420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

МакГрегор Хабибпен өткен кездесуде ереже бұзғанын мойындады

  • 169
  • UPD: 17:19, 22.10.2020
МакГрегор Хабибпен өткен кездесуде ереже бұзғанын мойындады Яндекс

Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор 2018 жылдың күзінде Хабиб Нурмагомедовпен өткен кездесу барысында ереже бұзғанын мойындады.

Мұндай жазбаны ол Twitter парақшасында жазды. 

МакГрегор өз постында жекпе-жектен үзінді салды. Ол видеода тіземен қарсыласының астында жатып, Нурмагомедовтің көзіне тізесімен соққы жасап жатыр. 32 жастағы спортшы бұл әрекетті әдейі істемегенін де жазады. Сондай-ақ ол дәл осы әдісті UFc ұйымында рұқсат етуді де сұрады, деп хабарлайды vesti.kz. 

«Мұндай жағдайда тіземен көзге ұруға болмайды, иә. Әдемі емес. Бұған дейін мен мұндайды көргенім жоқ», – деп жазды Конор. 

Еске салайық, МакГрегор бұл кездесуде Хабибтен жеңіліп қалған болатын. Ресейлік спортшы төртінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады. 

Енді Нурмагомедов өзінің келесі кездесуін 24 қазан күні өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джастин Гэтжи болады. Ал ирландиялық Дастин Порьемен өзара кім мықтыны анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы