422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев жеңіліп қалды

  • 136
  • UPD: 01:01, 24.10.2020
Grand Slam: Ғұсман Қырғызбаев жеңіліп қалды

Будапештте дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ғұсман Қырғызбаев жарысты жетінші орынмен аяқтады. Әлемдік доданың бірінші күнінде сынға түскен ол жұбаныш белдесуінде жеңіліп қалды.

Қазақстандық дзюдошы аталған додаға екінші айналымнан қосылды. Алғашқы қарсыласы әжірбайжандық Давуд Мамадсойдан басым түсіп, ширек финалда венгриялық Дэвид Нажимен белдесті. Жергілікті балуан отандасымызды соңғы секундта вазари ұпайымен жеңіп кетті. Нәтижесінде Ғұсман Қырғызбаев жұбаныш белдесуіне күресуге мүмкіндік алды. Ал жұбаныш белдесуінде ол моңғолиялық Унуболд Лажважацпен кездесіп, ескерту қағазымен ұтылып қалды.

Әлемдік Grand Slam кезеңі 25 қазанға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы