425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан құрамасы маунтинбайктен әлем чемпионатына қатысады

  • 112
  • UPD: 23:55, 23.10.2020
Қазақстан құрамасы маунтинбайктен әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы маунтинбайк-марафон бойынша өтетін әлем чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Қазақстан велоспорт федерациясы ресми сайтында мәлімдеді.

24-25 қазанда Түркияның Сакарья аймағында өтетін дүниежүзілік бәсекеге ел құрамасының үш спортшысы жарысқа шығады. Аталған жарыста Шәкір Әділов, Темірлан Мұхамедьянов және Денис Сергиенко ел намысын қорғайды.

Әлем чемпионатына 29 елден 100-ден астам спортшы қатысады.

Айта кетейік, марафонда әйелдер 80,9 км, ерлер 110 км қашықтық бойынша сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы