423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БАҚ лиганың VIII маусымы ресми түрде ашылды

  • 117
  • UPD: 19:19, 24.10.2020

БАҚ лига кезекті маусымын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан журналистикасы тарихындағы тұңғыш және жалғыз футбол біріншілігі осымен 8-мәрте жалауын желбіретті. Санитарлық талаптарға байланысты биыл аладоп додасы көременсіз өтеді.

БАҚ лиганың сегізінші маусымына масс-медиа саласының мамандарынан құралған 15 команда қатысады. Биыл турнир тәртібіне өзгеріс енген. 2018 жылдан бері командалар екі лигаға бөлінген еді. «Хабар» агенттігінің 25 жылдығы аясында қайтадан бір лигада ойнайды. Сондай-ақ журналистер арасындағы аладоп додасында «Хабар» агенттігінің 25 жылдық мерейтойына арналған кубок та сарапқа салынады.

Ринат Кертаев, «Хабар» Агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары:

- Журналистер қауымы, әсересе, телевизия қызметкерлері, әсіресе, спорт жағынан қашанда белсенді болған. Соның нақты бір дәлелі – «Хабар» агенттігінің ұжымы, біздің бірнеше командамыз осы БАҚ лигада үлкен-үлкен жүлдені алып жүр. Осыдан тура бес жыл бұрын «Хабардың» туған күніне арналған БАҚ арасында турнир бастау алса, міне, 5 жыл өте шығыпты. Жылда жеке өткізіп келе жатқан турнирді биыл карантинге байланысты шектеулерге орай кәсіби БАҚ лига ұйымдастырушыларымен бірге өткізгенді жөн деп санадық.

БАҚ лига бұқаралық спортты дамытудың бір бағыты. Сондықтан журналистер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыратын шараға елорда әкімдігі де қолдау көрсетіп келеді.

Дәурен Бабамұратов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі:

- Барлық санитарлық нормаларды, санитарлық дәрігердің айтқан нұсқаулықтарын сақтай отырып және сол нұсқаулықтағы ережелерді бұзбай отырып, бүгін арнайы БАҚ лига турнирінің салтанатты ашылуына келіп отырмыз. Бұл «Хабар» Агенттігінің» 25 жылдығы аясында «Хабар» Агенттігінің» тікелей қолдауымен жүзеге асып жатыр. Қала әкімдігі мен «Хабар» Агенттігі» БАҚ лиганың өтуіне мұрындық болып отыр. Сондықтан іске сәт дейміз. Әрқашан біздің журналистеріміздің денсаулығы мықты болуы керек.

Дәурен Берікқажы, «Фолиант» баспасының бас редакторы:

- Біздің бірінші мақсат – салаутты өмір салтын жүргізу. Жалпы журналистердің ортасына кіру. Журналистер арасындағы интеграция ғой былайша айтқанда. Осы тұрғыдан алғанда БАҚ лиганың алатын орны ерекше. Біріншіден, жастардың, әсіресе, журналист қауымның бір уақыт болса да уақытын жүйелі түрде спортқа арнауына жақсы жағдай жасалған

Ұйымдастырушылар спорт кешенінде санитарлық талаптың барынша сақталуына мән берген. Командалар арасындағы тартысты тамашалуға көрермен кіргізілмейді. Сондай-ақ матч алдындағы қол алысу рәсімінен де бас тартқан. Айта кетейік, VIII маусымның жеңімпаздары келер жылдың ақпанында анықталды. Бұған дейінгі жеті маусымды да «Хабар» құрамасы чемпион атанған еді.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы