420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Grand Slam: Дидар Хамза өзбекстандық дзюдошыдан жеңіліп қалды

  • 125
  • UPD: 09:48, 25.10.2020
Grand Slam: Дидар Хамза өзбекстандық дзюдошыдан жеңіліп қалды

Венгрия астанасы Будапешт қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлады Olympic.kz.

Әлемдік доданың екінші күнінде ерлер 73 және 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтаса, әйелдер 63 және 70 келіге дейінгі салмақта бақ сынауда. Аталған салмақ дәрежесінде татамиге ел құрамасы сапынан екі дзюдошы шықты.

Атап айтсақа, 73 келіге дейінгі салмақта Жансай Смағұлов белдессе, 81 келіге дейінгі салмақ дәрежемсінде Дидар Хамза қатысты. Қос дзюдошы да алғашқы айналымда қарсыластарын жеңіп, жарысты сәтті бастады. 73 келіде Жансай Смағұлов жарысқа екінші кезеңде қосылып, франциялық балуанмен кездесті. Франция спортшысы Микел Дубойсты уақытынан бұрын таза жеңіспен ұтып, келесі айналымға шықты. Ширек финалдық жолдама үшін австриялық Лукас Рейтермен белдесті. Жеті минутқа созылған бәсеке оның қарсыласының еншісіне шешіліп, Жансай Смағұлов жарыстан шықты.

81 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Дидар Хамза болса жарыстың екінші айналымында тоқтады. Бірінші кездесуін венгриялық Аттила Унгвариге қарсы өткізіп, қосымша уақытта иппон ұпайымен жеңді. Ал екінші айналымда отандасымыз өзбекстандық Шарофиддин Болтабоевтен ескерту қағазымен ұтылып қалды. 7 минутқа созылған екеуара кездесу өзбекстандық балуанның еншісіне шешілді.

Айта кетерлігі, дзюдодан әлемдік Grand Slam кезеңі қазанның 25-іне дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы