425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жүгіру мен велоспорттан онлайн жарыс өтті

  • 129
Елордада жүгіру мен велоспорттан онлайн жарыс өтті

Бәсекеде бақ сынаған бас-аяғы 300-ден аса адамның ішінде әуесқойлармен бірге кәсіпқой да спортшылар бар. Тіпті саланың ардагерлері де белсенділік танытты.

Осылайша жүгіруден 5 және 10, ал, велоспорттан 15 және 25 шақырымдарға жарысқан еді. Кейін көрсеткішін мобильді қосымша арқылы ұйымдастырушыларға жіберді. Ең үздік нәтиже тіркегендер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, онлайн форматтағы жарыс елордада осымен үшінші рет өткізіліп отыр және алдағы уақытта өз жалғасын таба бермек.

Мейірім Нұрсұлтанов, кәсіпқой боксшы:

– Қазір елімізде және әлемде болып жатқан жағдайға байланысты әркім өзі жүгірген дұрыс деп ойлаймын. Осылай марапатап, құрметтеп жатқаны үлкен мотивация. Алдағы уақытта осындай жарыстар болса өте жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы