424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хэмилтон Шумахердің рекордын жаңартты

  • 218
  • UPD: 12:12, 26.10.2020
Хэмилтон Шумахердің рекордын жаңартты фото: prosports.kz

Льюис Хэмилтон «Формула-1-де» Михаэль Шумахердің рекордын жаңартты.

Британиялық шабандоз Португалия гран-приінде шашасына шаң жұқтырмай, 92-жеңісіне қол жеткізді. Жалпы спорт тарихында бұл бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Әлемнің 7 дүркін чемпионы Шумахер 1992-2006 жж аралығында 91 сайыста топ жарған болатын.  

***

Головкиннің титулды қорғау бойынша өтетін жекпе-жегі кейінге шегерілді

Бұл туралы қазақстандық бокшысының қарсыласы Камиль Шереметінің өкілдері айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылар кешке көрермендердің қатысуына рұқсат берілуін күткенге ұқсайды. Сондықтан да кездесу желтоқсанның соңына не қаңтардың ортасына белгіленуі мүмкін.

***

«Вуэльта»: Ион Исагирре 6-турдың жеңімпазы

«Астана» шабандозы Ион Исагирре Испаниядағы «Вуэльта» жарысының 6-кезеңінде жеңімпаз атанды. Спортшы 146 шақырымды 3 сағат 41 минутта бағындырды. 25 секундтан кейін мәре сызығын канадалық Майкл Вудс кесті. Айта кетейік, Ион «Тур де Франс» көпкүндігінде жарақат алып қалған болатын. Содан бергі сайысқа түсіп тұрған беті осы. Турнирде қызыл жейде эквадорлық Ричард Карапастың еншісіне тиді.

***

Миланда «Джиро д'Италия» суперкөпкүндігі қорытындыланды

Қазақстандық велокоманда шабандоздары арасында Якоб Яульсанг үздік нәтиже көрсетті. Жалпы есепте ол 6-орынды иеленді. Тео Гейган Харт мансабында алғаш рет гранд-турдың жеңімпазы атанды. Фульсанг британиялық спортшыдан 7 минутқа қалып қойды.

***

 

Льюис Хэмилтон, автошабандоз:

- Мен мұндай жетістік туралы тек армандайтынмын. Дей тұрғанмен, бар күш-жігерімді осы жолда сарп еттім, қолымнан келді. Бүгін мені қолдау үшін ата-анам келді, ең бақытты күн сірә, осы шығар.

***

АПЛ: «Эвертон» «Саутгемптонға» есе жіберді

Ағылшын премьер-лигасының көшбасшысы «Эвертон» сырт алаңда жеңіліс тапты. Чемпионаттың 6-кезеңінде команда «Саутгемптонға» есе жіберді. Алаң иелері 2 рет гол соқты. Ойынның 27-минутында ағылшын жартылай қорғаушысы Джеймс Уорд-Прауз есеп ашты. 8 минуттан кейін шабуылшы Че Адамс ұпайды еселеді. Десе де, жалпы көрсеткіш бойынша Карло Анчелотти шәкірттері турнир  кестесінде бірінші орында келеді. Ал «Саутгемптон» 5-орынға табан тіреді.

Хабар 24 телеарнасы