423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хабиб карьерасын аяқтағаннан кейін командасына алғыс айтты

  • 167
  • UPD: 12:56, 26.10.2020
Хабиб карьерасын аяқтағаннан кейін командасына алғыс айтты фото: prosports.kz

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтағаннан кейін командасына алғыс айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бауырларым, бәрі үшін рақмет. Сендер болмасаңдар, осында ұзаққа бармас едім. Сендердің энергетикаларың мен қолдауларың мен үшін маңызды. Қатты жақсы көремін», - деп жазды Нурмагомедов Instagram-парақшасында.

Еске салайық, 24 қазанда UFC 254 турнирінде Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжиді жеңіп, титулын үшінші рет қорғап қалған болатын. Жеңістен кейін ол карьерасын аяқтайтынын мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы