422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бокстан халықаралық турнир «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі

  • 500
  • UPD: 12:02, 06.11.2020
Бокстан халықаралық турнир «Хабар» арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі

Атырауда 31 қазан, яғни ертең, сенбі күні бокстан халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнайлы өңірге елдің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ шет елдерден де былғары қолғап шеберлері келеді. Жекпе-жек санитарлық нормалар мен ережелерді толық сақтай отырып, көрерменсіз өтпек. Барлығы он боксшының қатысуымен 5 жекпе-жек жоспарланған. Айтулы бокс бәсекесі «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінен ертең көрерменге жоқ тартпақ.

Ринат Ибрагимов, облыстық спорт басқармасының басшысы:

- Осы жарыс «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде көрсетіледі. Спортшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Ертең кездесу болады. Бес кездесу болады. 

Хабар 24 телеарнасы