420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елеусінов UFC чемпиондарымен дайындық өткізді

  • 200
  • UPD: 14:13, 28.10.2020
Елеусінов UFC чемпиондарымен дайындық өткізді

Данияр Елеусінов UFC чемпиондарымен дайындық өткізді. Кәсіпқой бокстағы жерлесіміз әлеуметтік желідегі парақшасына аралас жекпе-жеке ұйымының бұрынғы чемпионы Рашад Эванс және қазіргі чемпион Камар Усманмен бірге тұрған суретін жариялады.

Ол қазір өзінің кезекті кездесуіне әзірленіп жатыр. Жекпе-жек кеші 27 қарашада өтеді. Ал қарсыласы Джулиус Индонго. Ол бүгінге дейін 25 жекпе-жек өткізіп, 23-інде жеңіске жеткен. Ал Даниярдың көрсеткіші 9 жекпе-жек, 9 жеңіс. Қос мықты IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін сарапқа салады.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов соңғы рет кәсіпқой рингте өткен жылдың желтоқсанында шығып, қарсыласын нокаутқа жіберді.

Хабар 24 телеарнасы