425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шорт-тректен ұлттық құрама мүшелері кешенді дайындыққа кірісті

  • 153
  • UPD: 12:36, 29.10.2020

Қалыптасқан жағдайға байланысты бұл спорт түрінде биыл жарыстар болмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқу-жаттығу жиындары да бертін келе жанданды. Дәл қазір Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын спортшылар елордаға жиналып, арнайы әзірлікті бастады. Команданың белді мүшесі Абзал Ажғалиев жарақатына байланысты келе алмады.

«Қалған қыз-жігіттердің бабы жақсы», - дейді бас бапкер. Егер эпидемиологиялық ахуал тұрақты болса, қарашаның соңында ел чемпионаты өтеді. Ал, биылғы әлем кубогы Германияда, әлем чемпионаты Америкада болады деп күтіліп оыр. Бірақ нақты уақыты белгісіз. «Қалай болғанда да, физикалық бапты жоғалтпай, кез келген жарысқа дайын болуымыз керек», - дейді.

Мәдіғали Қарсыбеков, Шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері:

- Енді бізге жарыс керек. Қазір Қазақстан чемпионатын өткізсек, спортшыларымыздың нәтижесін көрер едік. Сосын халықаралық жарыстардан хабар күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы