422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Ювентустан» басым түсті

  • 140
  • UPD: 13:03, 29.10.2020
Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Ювентустан» басым түсті

Аладоп алманы қыза түсті. Кәрі құрлықта чемпиондар лигасының кезекті кездесулері өтсе, Қазақстанда бірінші лига командалары өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Футболдан чемпиондар лигасы топтық кезеңі аясында «Ювентус» пен «Барселона» кездесті. Турин қаласында өткен матчта қонақтар айқын басымдықпен ұтты. 14-минутта Усман Дембала берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, каталондық клубты алға шығарды. Ал, Лионель Месси 91-минутта 11 метрлік айып добын сәтті орындады. Қорытынды есеп: 0:2. Айта кету керек, «Ювентус» сапындағы Криштиану Роналду жасыл алаңға шыққан жоқ. Қазір ол карантинде жатыр. Осылайша, «Барселона» өз тобында 6 ұпаймен алдыңғы сатыға орналасты. Одан кейін 3 ұпайы бар италиялық клуб тұр. Бұған паралель «Боруссия» мен «Зенит» командалары жолығып, алғашқысы 2:0 есебмен ұтты. «Манчестер Юнайтед» пен «Лебциг» матчында 5:0, ал, «Краснодар» мен «Челси» арасындағы кезденсуде 0:4 есебі тіркелді.

***

«Атырау» мен «Ақтөбе» ҚПЛ-ға оралды

«Ақтөбе» мен «Атырау» кезекті рет өз мықтылығын дәлелдеді. Елімізде футболдан бірінші лиганың 13-кезең кездесулері өткен еді. Оның аясында «Ақтөбе» «Арыс» командасымен жолығып, 1:0 есебмен жеңіске жетті. Ал, «Атырау» ойыншылары елордалық клубпен тең түсті. «Мақтаарал» мен «Қыран» командалары да жеңімпазды анықтай алмады. Ал, оралдық «Ақжайық» 3 ұпайға қол жеткізді. Кезең қорытындысы бойынша турнир тізімінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. «Ақтөбе» мен «Атырау» топ басындағы орнын сақтап қалды. Ал, қалған командалар оларды қуып жете алмайды. Өйткені бір кезеңнен кейін маусым аяқталады. Соңғы ойындар 31 қазанда өтеді деп жоспарланып отыр.

***

Елордада теннистен халықаралық турнир жалғасып жатыр

Жарыстың кезекті күні қазақстандық Михаил Кукушкин аргентиналық Федерико Дельбониспен жолығып, жеңіске жетті. Айта кету керек, қарсыласы Дэвис кубогының жеңімпазы және әлемдік рейтингтің 76-сатысында тұр. Соған қарамастан жерлесіміз басымдық танытты. Қорытынды есеп: 6:7, 6:3, 6:2. Ал, тағы бір қазақстандық  Александр Бублик есе жіберді. Ол америкалық Маккензи Макдональдқа қарсы ойнаған. Қорытынды есеп: 3:6, 2:6. Айта кетейік, ATP 250 деп аталатын әлемдік доданы елордамыз алғаш рет қабылдап тұр. Қалыптасқан жағдайға байланысты жарысқа көрермендер кіргізілмейді. Ал, спортшылар мен ұйымдастырушылар санитарлық талапты қатаң сақтайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 275 мың АҚШ долларын құрайды. Ал, жеңімпаздары 1 қарашада белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы