425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

  • 131
  • UPD: 22:13, 29.10.2020
Талдықорғанда көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Талдықорған қаласында көгалдағы хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазанның 25-іне басталған республикалық додада ерлер мен әйелдер командасы өзара мықтыны анықтауда. Ерлер арасында Қызылорда, Қаратау, Жамбыл обылысы, Алматы облысы мен СДЮСША (Талдықорган) командалары қатысып жатыр. Ал әйелдер арасындағы бәсекеге Қызылорда, Алматы қаласы, Қаратау мен СДЮСША (Талдықорған) құрамалары үздік атану үшін барын салуда.

Айта кетерлігі, көгалдағы хоккейден ел біріншілігі 3 қарашаға дейін жалғасады.

Хабар 24 телеарнасы