425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Михаил Кукушкин халықаралық жарыстың ширек финалына шықты

  • 173
Михаил Кукушкин халықаралық жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Михаил Кукушкин халықаралық жарыстың ширек финалына шықты.

Байрақты бәсеке елордада өтіп жатыр. Кезекті айналымда жерлесіміз жарыстың ең үздік теннисшісі, яғни әлемдік рейтингтің 28-сатсында тұрған Бенуа Пермен жолыққан. Франциялық теннисшіні жеңу оңай болған жоқ. Қорытынды есеп: 6:7, 7:6, 6:1. Енді Кукушкин ширек финалда финляндиялық Эмиль Руусувуоримен кездеседі. Жартылай финал жолдамасы бүгін сарапқа салынуы керек.

Айта кетейік, ATP 250 деп аталатын әлемдік доданы Нұр-Сұлтан қаласы алғаш рет қабылдап тұр. Жарыстың жүлде қоры 275 мың АҚШ долларын құрайды. Ал жеңімпаздары 1  қарашада белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы