425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда өтетін кәсіпқой бокс кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді

  • 210
  • UPD: 21:41, 31.10.2020
Атырауда өтетін кәсіпқой бокс кешін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетеді The Moscow Post

Атырауда кәсіпқой бокс кеші өтеді. Жергілікті промоутерлік компания еліміздің және шетелдің ең мықты деген былғары қолғап шеберлерін бір жерге жинады.

Атап айтқанда, кәсіпқой бағытқа жуырда ғана ауысқан қазақстандық Бек Нұрмағанбет пен Евгений Павлов кезекті рет бағын сынайды. Бұған қоса, шаршы алаңға ұлттық құрама сапындағы Бекзат Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов, Данила Семенов сияқты боксшылары да шығады. Ұзақ үзілісте бапты жоғалтып алмау үшін осындай шешім қабылданған.

Айта кетейік, тамыз айында дәл осылай ұлттық құрама сапындағы Қамшыбек Қоңқабаев та кәсіпқой бокс кешіне қатысқан еді. Атырауға жиналған былғары қолғап шеберлері қазір соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бокс бәсекесі көрерменсіз өтеді. Сондықтан жанкүйерлер оны 31 қазан күні «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре алады.

Хабар 24 телеарнасы