Ирландиялық файтер Конор Макгрегор твиттердегі парақшасында жеңіл салмаққа оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.
«Қазір ғана McGregor FAST зертханасынан келдім. Ағзамды толық тексертіп, нәтижесін алдым. Енді жеңіл салмаққа ораламын», – деп жазды Макгрегор.
Бұған дейін Дэйна Уайт америкалық Дастин Порье мен ирландиялық Конор Макгрегор жеңіл салмақта жекпе-жек өткізетінін хабарлаған еді.