420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрдәулетов пен Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті

  • 199
  • UPD: 09:22, 01.11.2020
Нұрдәулетов пен Жүсіпов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті

Атырауда кәсіби бокс кеші өтіп, Қазақстан командасының мүшелері Бекзад Нұрдәулетов пен Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті, деп жазады Olympic.kz.

Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов танзаниялық қарсыласы Ибрагим Маоколаны екінші раундта айқын басымдықпен жеңді. Ол Маоколаны нокаутпен ұтқан.

Сондай-ақ әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов алты раунд қорытындысы бойынша танзаниялық Мешак Мвакенваны тізе бүктірді.

Айта кетелік, Токио Олимпиадасына дайындалу мақсатында бапкерлер Жүсіпов пен Нұрдәулетовтің кәсіби бокста бақ сынауына мүмкіндік берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы