424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық боксшылар Атыраудағы бокс кешінде сәтті өнер көрсетті

  • 130
  • UPD: 13:46, 01.11.2020
Қазақстандық боксшылар Атыраудағы бокс кешінде сәтті өнер көрсетті

Қазақстандық боксшылар Атырауда өткен бокс кешінде сәтті өнер көрсетті.

Атап өтетін жайт, үш бірдей жерлесіміз кәсіпқой рингке алғаш рет шықты. Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов танзаниялық қарсыласы Ибрагим Маоколуды екінші раундта нокаутқа жіберді.

Ал Абылайхан Жүсіпов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Аталған екі боксшымыз да ел намысын алдағы Олимпиада ойындарында қорғайды.

Данил Семёнов те алғашқы жекпе-жегінде жеңімпаз атанды. Ол Малавиден келген Мусса Аджибтен айласын асыра білді.

Евгений Павлов та өз жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтады. Ол кәсіпқой рингте осымен екінші рет жеңіске жетіп отыр. Ал кештің басты бәсекесінде Әзиз Бек Нұрмағанбет танзаниялық Абдаллах Паззиден басым түсті. Бұл жекпе-жек алты раундқа созылды. Африкалық боксшы осымен 8-рет қарсыласқа есе жіберсе, жерлесіміз екінші рет жеңімпаз атанды.

Хабар 24 телеарнасы