425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барселона» 18 жылдан бері алғаш рет Примераны нашар бастады

  • 118
«Барселона» 18 жылдан бері алғаш рет Примераны нашар бастады

«Барселона» Примера матчында «Алавеспен» 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каталониялықтар чемпионатта алты ойын өткізіп, сегіз ұпай ғана жинады. Бұл Барсаның 2002/2003 жылдан бергі ең нашар көрсеткіші. Ол кездері команданы голландиялық Луи ван Гал басқарған.

18 турдан кейін барселоналықтар 12-орында келеді, дегенмен запаста екі ойын бар.

Каталониялық клуб келесі турда «Бетиске» қарсы ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы