422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Хоккейден Қазақстан чемпионаты жанданды

  • 144
  • UPD: 14:06, 02.11.2020
Хоккейден Қазақстан чемпионаты жанданды

Испаниядағы бәсекеде «Астана» шабандозы үздіктер қатарында

Испанияда «Вуелта» бәсекесі жалғасып жатыр. Жарыстың 12-кезеңінде спортшылар таулы-қыратты жерлермен жүрген болатын. Нәтижесінде британиялық Хью Карти мәреге бірінші болып жетті. Ал қазақстандық клуб сапындағы Александр Власов одан 16 секундқа қалып қойды. Үздік үштікті испаниялық Энрик Мас түйіндеді. Осының арқасында «Астана» спортшылсы жалпы есептегі жағдайын жақсартып, 9-сатыға көтерілді. Байрақты бәсекенің алда әлі 6 кезеңі бар. Жарыстың жалпы қорытындысы 8 қарашада белгілі болады.

Джон Миллман халықаралық теннис турнирінің жеңімпазы атанды

Елордада алғаш рет ATP 250 сериясындағы байрақты бәсеке өткен еді. Оның финалында австралиялық Джон Миллман мен франциялық Адриан Маннарино жолықты. Алғашқысы ә дегеннен басымдықты өз қолына алып, қысқа аралықта жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 7:5, 6:1. Осылайша 30 жастағы Джон кәсіпқой мансабында тұңғыш рет ATP титулына қол жеткізді. Айта кетейік, жекелей сынға Қазақстан атынан Михаил Кукушкин қатысқан еді. Жерлесіміз ширек финалға дейін жетіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Нұр-Сұлтан қаласындағы турнир 26 қазанда басталды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған теннисшілер бір апта бойы өзара мықтыны анықтады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 275 мың АҚШ долларын құрайды.

Хоккейден Қазақстан чемпионаты жанданды

Ұзақ үзілістен кейін хоккейден ел чемпионаты қайта жанданды. Ерекшелігі: биылғы додаға 13 команда қатысып жатыр. Яғни бұған дейін халықаралық лигада ойнап келген өскемендік «Торпедо» мен қарағандылық «Сарыарқа» қалыптасқан жағдайға байланысты ішкі біріншілікке оралды. 7 тур ойындарынан кейін алғашқысы турнир тізімінің басына орналасты. Өскемендік командада 20 ұпай, яғни 7 кездесудің алтауын жеңіспен аяқтады. Одан кейін «Номад» пен «Теміртау» командалары келеді. Соңғы турда «Горняк» – «Ертіс» кездесуі 3:2, «Теміртау» – «Құлагер» кездесуі 4:2, «Алматы» – «Сарыарқа» кездесуі 2:1, ал «Бейбарыс» – «Номад» кездесуі 3:5 есебімен аяқталды.

Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегін жыл соңына дейін өткізеді

Кәсіпқой бокстағы жерлесіміз бүгінге дейін 13 рет шаршы алаңға шығып, барлық қарсыласынан басым түскен еді. Тіпті титулды кездесуге де аз-ақ қалған. «Бірақ короновирусқа қатысты жағдай барлық жоспарды быт-шыт қылды», – дейді. Мейірім наурыз айында елге оралып, содан бері осында дайындалып жүр. Физикалық бапты жоғалта қоймаған. Қазір елордадағы залда Дәулет Дәукенов сияқты кәсіпқой боксшылармен бірге шеберлік шыңдап жүр. Келесі кездесу Ресейде өтеді. Қарсыласы – жергілікті спортшы. Одан кейін қайта Америкаға аттанып, негізгі арманына қол созуды жоспарлап отыр.

Мейірім Нұрсұлтанов, кәсіпқой боксшы:

– Менің ақпан айында жекпе-жекке шығуым керек еді. Сонымен карантин басталды. Елге қайттым. Осы жағдай болмағанда, келесі жылдың соңында титулды жекпе-жекке шығар едім. Сол уақытта дайын боламын. Менеджермен сөйлестім. «Қазір қарсылас табу қиын болып жатыр», – дейді. Ресей елінің боксшысы болады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы