425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жәнібек Әлімханұлы биыл шаршы алаңға шықпайтын болды

  • 113
  • UPD: 15:24, 02.11.2020
Жәнібек Әлімханұлы биыл шаршы алаңға шықпайтын болды instagram.com/janibek_qazaqstyle

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы биыл шаршы алаңға шықпайтынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

«Құрметті жанкүйерлер! Біздің команда демалысқа кетті. Биылға жекпе-жек болмайды деген хабар алдық. Бұйыртса, келер жылдың басында жұдырықтасамыз! Жеңісті күндерде жүздесейік», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 10 қазан күні Лас-Вегас қаласында өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңісінен кейін ол WBO рейтингінде үздік үштікке қосылды. 

Хабар 24 телеарнасы