422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барселона» футболшыларының жалақысын қысқартады

  • 87
«Барселона» футболшыларының жалақысын қысқартады Чемпионат.com

«Барселонаның» президенті қызметін атқарушы Карлес Тускетс клубтың қаржылық жағдайы туралы айтты.

«Бюджетті оңтайландыру үшін шығынды 300 миллион еуроға дейін қысқарту қажет. Комиссия барлық тараптарға пайда келетіндей шешім қабылдауы керек. Осыған байланысты футболшылардың да жалақысы қарастырылады», – дейді Тускетс.

Айта кетейік, «Барселонаның» бюджеті пандемия салдарынан қарызға батқан. Қазан айында клуб 97 миллион еуро шығынға ұшыраған. 

Хабар 24 телеарнасы