425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қайрат» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды

  • 133
«Қайрат» футбол клубы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды

«Қайрат» футбол клубы араға 16 жыл салып, Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы командасы бүгін біріншіліктің 17-ші турында «Ордабасыдан» 3:1 есебімен басым түсті.

«Қайрат» өз тарихында үшінші рет алтыннан алқа тақты. Бұған дейін 1992 және 2004 жылдары топ жарғанын айта кетейік. Соңғы 6 жылда бас жүлдені ешкімге ұстатпаған «Астана» екінші орынға таласады. Премьер-лига маусымының аяқталуына әлі 3 тур бар. Күміс жүлдеге «Ордабасы» мен «Тобыл» да дәмелі.

Хабар 24 телеарнасы