425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марадонаға операция жасалды

  • 148
  • UPD: 12:27, 04.11.2020
Марадонаға операция жасалды

Диего Марадонаға операция жасалды. Әлемге әйгілі футболшының миына қан құйылған.

Футболшының дәрігері Леопольд Лукенің мәлімдеуінше, Буэнос-Айрестегі жеке клиникада жасалған операция сәтті өткен.

Жалпы футболшы қызметкерінің айтуынша, Марадона ауруханаға түспес бұрын бір апта бойы тамақтанудан бас тартып, көңіл-күйі болмапты.

Айта кетейік, атақты футболшы осыдан үш күн бұрын ғана 60 жасқа толған болатын.

Хабар 24 телеарнасы