425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» Риганың «Динамосын» жеңді

  • 134
  • UPD: 10:22, 04.11.2020
«Барыс» Риганың «Динамосын» жеңді

«Барыс» кезекті жеңісіне қол жеткізді. Құрлықтық  лига аясында елордалық клуб өз алаңында Риганың «Динамосын» қабылдаған еді.

Матч басталмай жатып, спорт мамандары «Барыстың» айқын фаворит екенін алға тартқан және ойын барысында болжам бекер еместігіне көз жетті. Қазақстандық клуб қарсыластар қақпасына жауапсыз 3 гол соқты. Алдымен Линус Виделль берілген мүмкіндікті мүлт жібермей, есеп ашты.

Айта кету керек, бұл швециялық хоккейшінің құрлықтық лигада соққан жүзінші шайбасы. Одан кейін «Барыс» сапындағы Кертис Волк пен Мэтт Фрэттин бір-бір голдың авторы атанды. Осылайша елордалық клуб 18 ойыннан кейін 20 ұпайға қол жеткізді. Енді олар 8 қараша күні сырт алаңда Череповец қаласының «Северсталь» командасымен жолығады.

Хабар 24 телеарнасы