422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның бірінші ракеткасы 2020 жылғы маусымды аяқтады

  • 111
  • UPD: 10:55, 04.11.2020
Қазақстанның бірінші ракеткасы 2020 жылғы маусымды аяқтады ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик ол үшін 2020 маусымы аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«COVID-19 маусымы аяқталды», – деп жазды теннисші өзінің Instagram парағында.

2020 жылғы маусымда Александр Бублик 29 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жетіп, 15-інде жеңіліске ұшырады.

Биыл ақпан айында Бублик ATP рейтингіндегі мансабындағы ең жоғары деңгейге жетіп, 47-орынға көтерілді. 23 жастағы теннисші маусымды әлемдік рейтинг кестесінде 49-орында аяқтады.

Александр Бублик өзінің ең үлкен жетістігіне 2020 жылғы маусымда жартылай финалға шыққан Марсельдегі турнирде қол жеткізді. Сондай-ақ Гамбург турнирінің ширек финалына дейін жетті.

 

Хабар 24 телеарнасы